Теорияны тәжірибемен ұштастыру — ҚазҰУ

Теорияны тәжірибемен ұштастыру

13 қазан 2026
Теорияны тәжірибемен ұштастыру

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, өндірістік үдерістермен таныстыру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 

Осыған байланысты 2026 жылдың 12 қазан күні жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Р.Г. Рыскалиева «Заттардың химиялық және экологиялық сараптамасы» пәні бойынша білім алатын 6В05301-Химия мамандығының 4 курс студенттерін тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша (ТДМ-12. Жауапты тұтыну және өндіріс) Алматы қаласындағы GALANZ bottlers компаниясына апарып, өндіріс құрылымымен танысып, зауыттың инновациялық жетістіктерін саралады. Қазақстан  және Орта Азия бойынша ең ірі сусын шығаратын компанияның maxi team official технологиялық процестерінің жүру барысында қолданылатын озық технологиялар осы өндіріс орнының заман ағымына сай жолға қойылғандығы еліміздің тұрақты даму мақсаттарының орындалып жатқандығының дәлелі. Теория мен тәжірибе ұштасқан танымдық сапар студенттер үшін пайдалы әрі әсерлі болды!

Химия және химиялық технология факультеті, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Роза