- Басты бет
- Жаңалықтар
- Генетика және селекция: ғылыми мұра және болашақ даму бағыттары» атты халықаралық симпозиум
Генетика және селекция: ғылыми мұра және болашақ даму бағыттары» атты халықаралық симпозиум
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылғы 16 қазанда сағат 10:00-де әл-Фараби кітапханасының №409 конференц-залында өтетін академик Ғ.З. Бияшевтің 120 жылдығына арналған «Генетика және селекция: ғылыми мұра және даму перспективалары» атты халықаралық симпозиумда қарсы алуға қуаныштымыз.
Биыл кафедрамыз аталған симпозиумды Каспий университетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Симпозиум аясында РҒА Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және РҒА СБ Цитология және генетика институты арасында Нейромикробиом ғылыми орталығын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы келісімге қол қою рәсімі өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Франция, Швейцария, Болгария, Үндістан, Қырғызстан және Өзбекстанды жетекші пен жас ғалымдары ғылыми баяндамалар жасайды.
Сіздердің қатысуларыңызға қуанышты боламыз! Белсенді пікір алмасуға, мазмұнды ғылыми пікірталасқа және қызықты сұрақтарыңызға әрдайым ашықпыз.
Тіркеудің басталуы: сағат 09:00.
Сіздерді симпозиумда асыға күтеміз!
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар