Метеорология және гидрология кафедрасы өз студенттеріне арналған ЖРВИ-ді алдын алу бойынша ашық дәріс өткізді — ҚазҰУ

Метеорология және гидрология кафедрасы өз студенттеріне арналған ЖРВИ-ді алдын алу бойынша ашық дәріс өткізді

14 қазан 2026
Метеорология және гидрология кафедрасы өз студенттеріне арналған ЖРВИ-ді алдын алу бойынша ашық дәріс өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра студенттеріне арналған «ЖРВИ: клиникалық көріністері, алдын алу және ұтымды әрекет ету тактикасы» тақырыбында ашық дәріс өтті.

Іс-шараға медицина және денсаулық сақтау факультетінің ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Восербаева Ж.К. және ОМ24-03 тобының студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты - студенттердің жіті респираторлық вирустық инфекциялар туралы білімін кеңейту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.

Дәріс барысында ЖРВИ-ді негізгі белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Ауру белгілері пайда болған жағдайда дұрыс әрекет ету, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну және дәрі-дәрмектерді өз бетінше қабылдамау мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар студенттерге тұмауға қарсы вакцинацияның маңызы түсіндіріліп, емханада екпе алу мүмкіндігі мен тәртібі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алды.

Кездесу БҰҰ-ның 3-ші Тұрақты даму мақсаты - «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында өткізілді. Медицина мамандарымен тікелей пікір алмасу жастарға денсаулыққа қатысты ақпаратты саналы бағалауға және сенімді кеңестерге сүйенудің маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Өз денсаулығына қамқорлық жасау айналасындағы адамдардың амандығына да жауапкершілікпен қараудан басталады.

Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты - метеорология және гидрология кафедрасының аға кураторы Ахметова Р.Е. Кездесуге 1-4-курс кураторлары Әлімбай А.М., Садуокасова М.Т., Раймбекова Ж.Т., Бексултанова Ж.У., Казакбаева Т.М., Ердесбай А.Н., Мусралинова Г.Т.,  Оракова Г.О., Ахметова С.Т.  да өз студенттерімен бірге қатысты.

Кафедра шақырылған мамандарға студенттердің денсаулық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.