ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды — ҚазҰУ

ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды

29 тамыз 2026
ҚазҰУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды.

Президенттік стипендия дарынды әрі қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдауға, олардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға, сондай-ақ елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Стипендияны тағайындау кезінде білім алушылардың оқу үлгерімі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы жетістіктері, ғылыми жарияланымдары мен университеттің қоғамдық өміріне қатысуы ескеріледі.

Президенттік стипендия иегерлері қатарында ҚазҰУ-дың Дінтану және Мәдениеттану білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер де бар:

6B02203 – «Дінтану» білім беру бағдарламасы, 3-курс:

  • Абдираманова Айгерім Сәкенқызы.

6B03102 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы, 3-курс:

  • Әміртаева Тоғжан Жұмабайқызы.

6B03102 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы, 4-курс:

  • Жаппар Луара;
  • Ерғали Аружан;
  • Нұрмұхамбетова Қымбат;
  • Уразаев Раим Ришатович.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта да оқуда, ғылыми-зерттеу қызметінде және кәсіби қалыптасу жолында табыс тілейді!