- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультеті жоғары білім қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды
Биология және биотехнология факультеті жоғары білім қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды
2026 жылғы 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні.
Бұл мереке білім беру мен ғылымның дамуына, жоғары білікті мамандар даярлауға және жас ұрпақтың кәсіби қалыптасуына үлес қосып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне құрмет көрсетуге арналған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті білім мен ғылымды ұштастыра отырып, білікті мамандар даярлау, ғылыми зерттеулерді дамыту және білім беру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Осы айтулы күні факультет ұжымы жоғары білім саласының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми жетістіктер мен кәсіби табыс тілейді! Еңбектеріңіз жемісті болып, білім мен ғылымның дамуына қосқан үлестеріңіз арта берсін!
Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович


Басқа жаңалықтар