Жас ғалымдар үйі студенттерімен кездесу өтті
2026 жылғы 6 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЖҒҮ студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге факультет декандарының орынбасарлары мен университет қалашығының бас маманы Б.Қ. Дихан және Ішкі қадағалау қызметінің бас маманы Қ.Т. Ускенбаев қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттермен ашық диалог орнату, олардың оқу үдерісіне және университеттегі күнделікті өміріне қатысты мәселелерін талқылау, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап беру.
Кездесу барысында оқу үдерісін ұйымдастыру, университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, кампустағы тұрмыс жағдайлары мен инфрақұрылымды пайдалану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктері, университет ұсынатын мүмкіндіктер және қалашық мамандарымен өзара байланыс орнату жолдары талқыланды.
Факультет декандарының орынбасарлары студенттердің сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастырудың, олардың бастамаларын қолдаудың және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ал университет қалашығының мамандары өз құзыреттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беріп, студенттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға және оларды бірлесіп шешуге ықпал етеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына және университеттің академиялық әрі әлеуметтік ортасына бейімделуіне бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Басыгараев Жандос Махабатович

Басқа жаңалықтар