ҚазҰУ-да «Толық адам» концепциясы талқыланды. — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да «Толық адам» концепциясы талқыланды.

14 қазан 2026
ҚазҰУ-да «Толық адам» концепциясы талқыланды.

2026 жылдың 14 қазаны күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру шеңберінде «Толық адам» концепциясы» атты салтанатты да мазмұнды іс-шара өтті.

Шараны кафедра оқытушылары, PhD Жанат Сәрсенбай мен Аққибат Ақжігітова ұйымдастырды.

Студенттер шараға ұлттық нақыштағы сән үлгілерімен келіп, Абай Құнанбайұлының қара сөздерін жатқа оқып, дана сөздердің астарындағы терең мағынаны аша түсті. Жиын барысында жастар хәкім Абай негізін қалаған «Толық адам» ілімі төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, кемел тұлға болудың басты алғышарттары мен адами құндылықтар туралы пайымды ойларын бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық мұрамызды ұлықтау, сондай-ақ кемел әрі толық адам болудың негізі қазіргі жастық шақтан, білім мен өзін-өзі дамытудан басталатынын түсіндіру.

Жиын соңында қатысушылар ұлттық құндылықтар мен осызаманғы сапалы білімді ұштастырудың маңыздылығын атап өтіп, болашақта да бұндай мазмұнды кездесулерді жиі өткізу керектігін айтты.