Оксфорд университетінің жас ғалымы ҚазҰУ-да ғылыми зерттеу жүргізуде — ҚазҰУ

Оксфорд университетінің жас ғалымы ҚазҰУ-да ғылыми зерттеу жүргізуде

16 қазан 2026
Оксфорд университетінің жас ғалымы ҚазҰУ-да ғылыми зерттеу жүргізуде

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде Оксфорд университетінің Білім беру департаментінің зерттеушісі Меруерт Бижанованың ғылыми сапары аясында жұмыс кездесуі өтті.

Факультет деканы Б.Б. Мейрбаев және деканның ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.Д. Шакирова зерттеушімен жоғары білім беру саласындағы ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Меруерт Бижанова PhD диссертациясы аясында «Қазақстан университеттерінің ұлттық және халықаралық беделді түсінуі мен қалыптастыру стратегиялары: автономды элиталық, ұлттық мемлекеттік, жекеменшік және өңірлік мемлекеттік университеттерді салыстырмалы зерттеу» тақырыбында зерттеу жүргізуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық зерттеудің эмпирикалық кезеңін өткізуге арналған ғылыми алаң ретінде жас ғалымды қабылдап, зерттеу жұмысына қолдау көрсетуде.

Бұл бастама халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін зерттеуге бағытталған ғылыми тәжірибе алмасуды дамытуға мүмкіндік береді.