Діни сот сараптамасы мен әдістемесі

27 қыркүйек, 2016

Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Діни сот сараптамасы мен әдістемесі» тақырыбында дінтанушы жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттарға арналған семинар өткізді. Ғылыми семинарға Алматы қалылық ҚР Әділет министрлігінің сот-психиатриялық сараптама институтының бас сарапшысы Мусина Д.Р. қатысты. Іс-шарада іс жүзінде нақты өмірден мысалдар  келтіру  арқылы діни сот сараптама ерекшеліктері мен онда қолданылатын  әдістер, діни бағыттағы сот тәжірибесі және  дінтанушылардың құқықтық мәселелері талқыланды.

Магистранттар мен докторанттар тек дәріс тыңдап  қана  коймай  бас сарапшысы Д.Р. Мусинаға  діни  сот  сараптамасы  төңірегінде  туындаған  сұрақтарын  қойды. Ғылыми  семинарды  қорытындылауда философия  ғылымдарының  доктры, дінтану  және  мәдениеттану  кафедрасының  профессоры Байтенова Н.Ж.  әріптесі Мусина Д.Р.  магистранттар  мен  доктаранттарға  өз  тәжірибесімен  бөліскеніне  алғысын  жеткізді.

 

                                                                                   Философия  және саясаттану  факультеті