Физика-техникалық факультетінде халықаралық ғылыми кездесу өтті — ҚазҰУ

Физика-техникалық факультетінде халықаралық ғылыми кездесу өтті

16 қазан 2026
Физика-техникалық факультетінде халықаралық ғылыми кездесу өтті

Физика-техникалық факультетінде Бельгиядағы Монс университетінің (UMONS) ғылыми жетекшілерінің бірі, профессор Рони Снайдерспен (Rony Snyders) кездесу өтті. Ол зерттеу, инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі вице-ректор, сондай-ақ плазма–беттік өзара әрекеттесу химиясы (ChIPS) тобының жетекшісі және Materia Nova ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарады.

Кездесу барысында нанотехнология, материалтану және плазманың материалдармен өзара әрекеттесуі салаларындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Кездесу ғылыми байланыстарды нығайтуға және бірлескен зерттеулердің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға ықпал етті.