Заңды құрметтеу – жауапты болашақтың кепілі! — ҚазҰУ

Заңды құрметтеу – жауапты болашақтың кепілі!

16 қазан 2026
Заңды құрметтеу – жауапты болашақтың кепілі!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының «Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар жауапкершілігі» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Эдвайзерлік сағат Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ), атап айтқанда, ТДМ 16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсатымен байланысты болды. Кездесу барысында студенттер құқық бұзушылықтың түрлерін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті, қоғамдық тәртіпті сақтау, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, қаржылық алаяқтық және академиялық адалдық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, студенттер өмірлік жағдаяттарды талдап, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары мен жауапты шешім қабылдаудың маңызын қарастырды. Мұндай танымдық кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

 

Оқытушы: Толымбек Айгерім Қуанышқызы