Философия және саясаттану факультетінде магистранттармен кездесу өтті — ҚазҰУ

Философия және саясаттану факультетінде магистранттармен кездесу өтті

16 қазан 2026
Философия және саясаттану факультетінде магистранттармен кездесу өтті

 

15.10.2026 жылы факультет деканы Мейрбаев Б.Б. пен деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Шакирова А. Д. магистранттармен кездесу өткізді. 
Кездесуге Дінтану және мәдениеттану, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс, Жалпы және қолданбалы психология, Саясаттану және саяси технологиялар, Педагогика және білім беру менеджменті және Философия кафедралары меңгерушінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында магистранттар оқу процесінде туындаған мәселелерді, сондай-ақ диссертациялық жұмыс жазу кезінде кездесетін өзекті сұрақтар қойды. Факультет деканы бірқатар сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Деканның орынбасары А.Д. Шакирова магистранттардың ғылыми тағылымдамасы туралы толық ақпарат беріп, қызықтырған сұрақтарға жауап қайтарды.
Мұндай кездесулер білім алушылар мен факультет басшылығы арасындағы диалогты нығайтуға және оқу мен ғылыми жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.