"Ізгілікке тәрбиелеу" атты кураторлық сағат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушыларында ТДМ 4 бағытындағы сапалы білім беру аясында " Ізгілікке тәрбиелеу" атты кураторлық сағат кітапханамен байланысты өтті.Ең алдымен білім мен ғылымның бастауы - кітапхана.Шәкірттерді кітапханамен таныстырып,кітап қорындағы электронды кітаптардың кюар кодын алып,еліміздің рухани қазынасына жол ашылды. Шетелден университетімізге оқуға қабылданған биылғы қандас шәкірттердің білім алуға деген ынта-талаптары ерекше. Жастарға бүгінгі күнгі пайлалы,рухани күш пен өмірлеріне азық болар кітаптармен таныстырылды
Кітап оқу – адамды ізгілікке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейтін рухани қазына. Кітап оқу арқылы біз білімімізді арттырып қана қоймай, рухани дүниемізді де байытамыз. Әрбір оқылған кітап адамға ой салып, жақсы мен жаманды таразылауға үйретеді. Сондықтан кітапты сүю, оны күнделікті оқуды әдетке айналдыру – ізгі ұрпақ тәрбиелеудің маңызды жолдарының бірі.
Ізгілікке тәрбиелеу – жүрекке мейірім ұялатудан басталады. Кітап оқитын ұрпақтың ойы терең, бойы өнегелі, жүрегі ізгі болады. Бүгінгі кітап оқыған бала – ертеңгі саналы, тәрбиелі әрі мейірімді азамат.
Басқа жаңалықтар