Кеше, 14.10.2026 ж., математика мамандығының 1-курс студенттері сүйікті кураторымыз Атахан Нилупармен бірге «Алатау FM» музыкалық комедиясын тамашалап қайттық! ✨
Есеп пен формулалардың арасында жүретін біздей болашақ математиктер үшін бұл күн нағыз рухани демалыс пен жарқын эмоцияларға толы ерекше сәт болды! 🤩
Мюзиклдің әрбір әні, актерлердің шебер ойыны мен сахнадағы шынайы атмосфера көңілімізден шығып, керемет әсер сыйлады.
Осындай қызықты әрі есте қаларлық сәттер студенттік өмірімізді одан әрі мәнді ете түседі!

Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026
11 қараша 2026