Ойын-сауық индустриясымен тәжірибе жүзінде танысу
16 қазанда кафедраның аға оқытушысы С.А. Моминов «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс қазақ бөлімінің студенттері үшін «Көңіл көтеру саласы» пәні аясында Usetime антикафесінде аудиториядан тыс сабақ ұйымдастырды.
Сабақтың мақсаты — студенттерді бос уақытты ұйымдастырудың заманауи форматтарымен таныстыру және теориялық білімді тәжірибемен байланыстыру. Студенттер антикафенің дәстүрлі кафелерден ерекшелігін, демалыс кеңістігінің ұйымдастырылуын және келушілерге ұсынылатын ойын-сауық түрлерін қарастырды.

Сабақ барысында тұтынушылардың қажеттіліктері, мақсатты аудитория және демалыс қызметтерінің тартымдылығын арттыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар студенттер антикафе әкімшілігімен сұхбаттасып, мекеменің жұмысын ұйымдастыру, қызмет көрсету және келушілерді тарту мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Аудиториядан тыс сабақ студенттердің ойын-сауық индустриясы туралы түсінігін кеңейтіп, кәсіби талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар