«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында көшбасшылық дәріс — ҚазҰУ

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында көшбасшылық дәріс

13 қазан 2026
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында көшбасшылық дәріс

   2026 жылғы 13 қазанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласы прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен көшбасшылық дәріс ұйымдастырды.
   Дәрістің спикерлері ретінде Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, 1-сыныпты заңгер Шарипбаев Раимбек Алматович және Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Сайлауханов Бағдат Мегдатұлы сөз сөйледі.
   Дәріс барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатының заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырудағы, заңға құрметпен қарауды қалыптастырудағы және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірудегі маңызы туралы ақпарат берілді.
  Заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда прокуратура органдарының рөліне ерекше назар аударылды. 
   Іс-шара қорытындысы бойынша осындай кездесулердің құқықтық сауаттылықты арттырудағы, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеудегі маңыздылығы атап өтілді.