Студенттер мен оқытушылар тазалық шарасына белсене қатысты
Университет қабырғасында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дәстүрлі сенбілік өтті. Тазалық пен ұқыптылықты ту еткен бұл шараның басты мақсаты — оқу орнының аумағын абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және студенттер арасында ауызбіршілікті нығайту.
Сенбілік барысында қатысушылар университет ауласын, оқу корпустарының айналасын қоқыстан тазартып, ағаштар мен бұталарды бұтау, гүлзарларды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастар таза ауада бірге еңбек етіп, оқу орнымыздың көркіне өзіндік үлестерін қосты. Тазалық акциясы көтеріңкі көңіл-күй мен достық атмосферада өтті. Университет әкімшілігі тазалық шарасына белсене қатысып, өз үлесін қосқан барша студенттер мен қызметкерлерге алғыс білдіреді.
Басқа жаңалықтар