- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жұмыс берушімен ынтымақтастық: Алматы қаласының «Келешек» №223 мектебінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті студенттеріне арналған «Тарих пәнінің әдістемелік кабинеті» ашылды
Жұмыс берушімен ынтымақтастық: Алматы қаласының «Келешек» №223 мектебінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті студенттеріне арналған «Тарих пәнінің әдістемелік кабинеті» ашылды
2026 жылғы 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тарих» факультеті студенттеріне арналған әдістемелік кабинеттің тұсаукесері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Наурызбай ауданында ашылған жаңа мемлекеттік білім ошағы - Алматы қаласындағы «Келешек» №223 мектебінде өтті.
Іс-шара мектеп әкімшілігі мен «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының бірлесуімен ұйымдастырылды. Әдістемелік кабинеттің лентасын қию құрметі тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрғанжан Әбеуұлы Төлебаев пен мектеп директоры Сатаева Жеңіскүл Иманғалиқызына берілді. Әдістемелік кабинетте мектеп әкімшілігі, ұстаздары мен оқушылары «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамын әдістемелік кабинеттің жұмысымен таныстырды.
Университет тарапынан іс-шараға Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы, қауымдастырылған профессор Қунапина Қайыркeн Құдайбергенқызы, профессор Тулебаев Тұрғанжан Әбеуұлы, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Оразаев Ернұр Тұрсынұлы, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Нұрбатырова Раушан Ерболқызы, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ходжабай Мұхтар Амантайұлы, оқу үдерісін басқару қызметінің бас мамандары Жұмабаева Әсел Қабдурасылқызы мен деканат маманы Баянова Жанар қатысты.
Іс-шара аясында университет ұстаздары мектептің 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді. Профессор Рыскелді Саламатқызы университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Жеңіскүл Иманғалиқызымен бірлесе жүзеге асырылып келе жатқан бұл бастаманың бір реттік шара емес, өзара әріптестік аясында дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан игі іс екенін көрсетті. Қауымдастырылған профессор Қайыркен Құдайбергенқызы және профессор Тұрғанжан Әбеуұлы мектеп әкімшілігіне ынтымақтастық үшін зор алғысын айтып, мектеп бітірушілеріне ізгі тілектерін білдіріп, оларға білім жолында табыс пен жарқын болашақ тіледі. Мектеп оқушыларын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне шақырып, тарих мамандығының маңыздылығы мен болашағы туралы ойларымен бөлісті. Университет ұстаздары мектепке арнайы сый ретінде әкелген факультет ғалымдарының кітаптарын тарту етті.
Іс-шара университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға және алдағы уақытта жұмыс берушімен бірлескен міндеттерді шешуге жаңа мүмкіндіктер ашты.
Басқа жаңалықтар