ҚазҰУ-да таргетинг бойынша мастер-класс өтті
30 қыркүйек 2026
30 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне таргет саласы бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағын таргетолог маман жүргізіп, студенттерге цифрлық маркетингтің заманауи мүмкіндіктері, мақсатты аудиториямен жұмыс істеу және әлеуметтік желілерде жарнаманы тиімді жүргізу жолдары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында студенттер таргет саласының қыр-сырымен танысып, оның PR мамандығындағы маңызын түсінді. Шеберлік сабағы болашақ мамандардың кәсіби білімін кеңейтуге бағытталды.
Іс-шара жетекшілері – Мусаева Баян және Жетписбаева Мейіркүл.
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026
11 қараша 2026