Ізденіс жетегіндегі жылдар — ҚазҰУ

Ізденіс жетегіндегі жылдар

12 қазан 2026
Ізденіс жетегіндегі жылдар

Алматы қаласындағы Ботаника және фитоинтро­дук­ция институты мен оның құрамындағы Бас бота­никалық бақ – Қазақстанның өсімдіктер дүниесін зерттеу, табиғи флораны сақтау, сирек және энде­мик өсімдік түрлерін қорғау, интродукциялау және елді мекендерді көгалдандыру бағыттарында ұзақ жылдар бойы іргелі және қолданбалы зерттеу­лер жүргізіп келе жатқан еліміздің маңызды ғылыми мекемелерінің бірі. 

Бүгінде Ботаника және фитоинтродукция инсти­ту­тының құра­мын­да Алма­ты­дағы Бас ботаникалық бақ, Астана ботаникалық бағы, Жез­қаз­ған ботаникалық бағы және Іле ботаникалық бағы жұмыс іс­тейді. Бұл мекемелердің ғылыми-зерт­теу, коллек­ция­лық, тәжірибелік және ағар­ту­шылық қызметі Қа­зақ­стан­ның өсімдіктер қорын сақтау мен тиімді пай­далануға бағытталған.

Алматыдағы Бас бота­ни­калық бақтың қазіргі ғылыми және қоғамдық келбеті, оның соңғы онжылдықтардағы жаңғыруы мен дамуында биология ғылымының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары ака­демиясының академигі, профессор Гүлнар Ситпае­ва­ның есімі ерекше орын алады. Таяуда Гүлнар Тоқ­бер­генқызы 60 жылдық белесін бағындырды. 

Гүлнар Тоқбер­ген­қы­зы­­ның кәсіби жолы педагогика мен ботаника ғы­­­­­­лымын ұш­тастырудан бас­талды. 1989 жылы Қос­­танай педа­го­гикалық инс­титутын та­­мам­дап, Бота­ника ка­федра­сында зертханашы, оқытушы, зерт­хана меңгерушісі қыз­мет­терін атқарды. 1995-1998 жылдары Ботаника институтының күндізгі ас­­пи­­рантурасында білім алып, ғылыми зерттеу ба­­ғы­тын жүйелі түрде жал­ғас­тырды. 1998 жылы «Тор­ғай аңғарының флорасын талдау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал 2010 жылы «Еділ-Қазақстан дала про­винциясының дәнді да­­қыл­­дары (жүйелі құрамы, эко­логиясы, географиясы)» тақырыбында докторлық дис­сертациясын сәтті қор­ғады.

Гүлнар Ситпаеваның ең­­бек жолындағы әр ке­­зең еліміздегі ботани­ка ғы­лы­мы­ның дамуымен тығыз байланыс­ты. Ғалымның қыз­меті ғылыми зерттеулермен ғана шектелмей, ғылыми мекемені басқару, оның ма­­те­риалдық-тех­ни­калық және зертханалық базасын ны­ғай­ту, халық­ара­лық ғы­­лыми байланыстарды кеңей­­ту, ғылыми кадр­лар­ды даяр­лау және өсім­дік­тер дүниесін қорғау са­ла­сын­да­ғы мемлекеттік саясатты ғы­лыми тұрғыдан қамта­ма­сыз ету бағыттарын қам­ти­ды.

2008 жылдан бері инс­титутқа басшылық ет­­кен жылдар ішінде Бас бо­таникалық бақ елеулі жаң­­ғыру кезеңінен өтті. Ғылыми бағыттар кеңейіп, зертханалық инфрақұрылым жетілдірілді, өсімдіктер коллекциялары толықтырылды, ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық мүмкіндіктері артты.

Осы кезеңдегі ма­ңыз­­­­­­­ды жобалардың бі­рі – Ал­­ма­тыдағы Бас бота­ни­калық бақ аумағында жүр­гізілген ауқымды ре­кон­струкция жұмыстары. «Болат Өте­мұ­ратов қоры­мен» бірлесіп әзірленген және жүзеге асырылған реконструкция жобасының басты мақсаты бақтың та­рихи және ғылыми мұра­сын сақтай отырып, оның инфрақұрылымын за­манауи талаптарға сәй­кес­тендіру болды.

Гүлнар Тоқбергенқызы басшылық жасаған ке­­зең­де институттың ғы­лы­ми әлеу­е­­тін арттыруға ерекше мән бе­­рілді. За­ма­науи зерт­­ха­налық бағыттардың да­муы, тұқым шаруа­шы­лығы, өсім­­діктер генетикасы, мо­­ле­кулалық био­­ло­гия, ин­­­­­­тр­о­­­дукция және өсім­дік­терді көбейту са­ла­­ла­рын­дағы зерттеулердің кеңеюі ғы­лыми ізденістердің жаңа деңгейге көтерілуіне мүм­кін­дік берді.

Бас ботаникалық бақ біртіндеп іргелі ботаникалық зерттеулер мен елдің нақты практикалық міндеттерін байланыстыратын ғылыми алаңға айналды.

Гүлнар Ситпаеваның кә­сіби қызметінің маңызды бағыттарының бірі – ғылыми кадрлардың жаңа буынын қалыптастыру.

Ботаника және фито­ин­­­­тродукция институты көп­­­­теген жылдар бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ты­ғыз ғылыми және білім беру байланыстарын дамытып келеді. Институттың университет үшін ғылыми-практикалық база ретінде қалыптасуында Гүлнар Тоқ­бергенқызының ұйым­дас­тырушылық және ғылыми ең­бегінің маңызы зор.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология салала­рын­да­ғы білім алушылары, ма­гистранттары, докто­рант­­­­тары мен жас ғалым­да­­ры үшін институт ба­за­сында ғылыми тағы­лым­дамадан өтуге, да­лалық зерттеулер жүр­гізуге, өсімдіктер коллекцияларымен және гербарий қорларымен жұмыс істеуге, зертханалық әдіс­тер­ді мең­геруге, ғылыми жо­баларға қа­тысуға және тәжірибелік дағдыларын жетіл­діруге мүмкіндік жасал­ды.

Әсіресе ботаника және агроэкология бағыты бо­­йын­ша білім алатын студент­тер үшін Бас бота­ник­а­лық бақ пен институттың ғы­лыми бөлімдері табиғи өсімдіктер дүниесін тікелей зерттейтін бірегей оқу-ғылыми орта екенін айту орынды. Да­лалық практика кезінде студенттер өсімдіктерді анық­тау, гербарий материалдарын жинау және рәсім­деу, өсімдік қауым­дастықтарын сипаттау, интродукциялық коллекциялармен жұмыс істеу, фенологиялық бақылаулар жүр­гізу сияқты кәсіби дағ­ды­ларды меңгереді. Ал жас ғалымдар үшін институт ба­засы ғылыми жобаларды орындауға, тәжірибелі ма­­ман­­дармен бірлесіп зерт­теу жүргізуге, жаңа әдіс­теме­лер­ді игеруге және кәсіби ғылыми ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.

ҚазҰУ мен Ботаника және фитоинтродукция инс­титуты арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың нәтиже­сін­де бірлескен зерттеулер, ғылыми тағы­лым­­дамалар, далалық зерт­теулер, ғы­­лыми семинарлар мен кадр­лар даярлау бағыттары да­мып келеді. Бұл ретте институттың ҚазҰУ үшін не­гіз­гі ғылыми-практикалық серіктестердің және жас мамандарды даярлауға қатысатын маңызды жұмыс беруші ұйымдардың бірі ретіндегі орны ерекше.

Нұрсұлу ЗИЯХАНҚЫЗЫ,

Ботаника және агроэкология кафедрасының 

профессоры