«Эко-мәдениет: cтуденттік көзқарас»
«Таза Қазақстан» ең алдымен айналаны тазартудан емес, адамның санасын өзгертуден басталуы керек. Қоқысты жинауға шақырудан гөрі, қоқысты жерге тастамау мәдениетін қалыптастыру әлдеқайда маңызды.
Осы орайда, университетіміздің физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасында «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 2-ші және 3-курс студенттерімен «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Эко-мәдениет: студенттік көзқарас» атты ашық куратор сағаты өтті. Студенттер экология туралы дайын ақпарат тыңдау үшін емес, өз көзқарастарын білдіру, пікір алмасу және студент ретінде қоршаған ортаға қандай үлес қоса алатынын талқылау үшін дөңгелек үстелге жиналды.
Студенттер талқылауға арналған тақырыптар: «Университет және экология» деп аталды. Университет кампусында студенттер мен қызметкерлер күн сайын тонналаған қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды шығарады. Біздің университет ішінде экологиялық мәдениетті жақсарту үшін дәл қазір не өзгертуге болады? «Пластик мәселесі»: ХХІ ғасырдың басты дерті – пластик. Бүгінгі студенттік прагматизм тұрғысынан бір рет қолданылатын пластиктен толықтай бас тарту мүмкін бе, әлде бұл тек іс жүзіне аспайтын теориялық идея ма? «Күнделікті өмір»: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады. Қазіргі заманауи студенттің бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыратын күнделікті бес негізгі әдет қандай болуы тиіс? «Эко-университет»: Егер сіз университет басшысы, яғни ректор болсаңыз, оқу орнын экологиялық тұрғыдан жақсарту және «жасыл кампусқа» айналдыру үшін ең алғашқы қандай үш стратегиялық өзгеріс енгізер едіңіз? Экологиялық мәдениет адамға не үшін қажет? Экология мәселесі тек мемлекеттің міндеті ме? Бір адамның әрекеті қоршаған ортаға шынымен әсер ете ала ма? Студенттің экологияға қандай қатысы бар? Экология мәселесін шешудің қандай жолдарын ұсынасыз? Пластиктен толық бас тарту мүмкіндігі қандай? Экологиялық мәдениет – адамның тәрбиесінің көрсеткіші бола ала ма? Қоқысты сұрыптау Қазақстанда қаншалықты өзекті? Қандай жолдарын ұсынасыз?» деген сұрақтарға жауап іздей отырып өз ойларын ортаға салды. Соңында студенттер «Менің эко-уәдем» қандай?
• Қоқысты жерге тастамауға уәде беремін.
• Қалдықтарды мүмкіндігінше сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырамын.
• Бір рет қолданылатын пакеттерді азайтып, көп рет қолданылатын сөмке пайдаланамын.
• Суды ысырап етпеуге уәде беремін.
• Электр энергиясын үнемдеймін.
• Ағаштарды қорғап, көгалдандыруға үлес қосамын.
• Қысқа қашықтықта көліктің орнына жаяу жүруге тырысамын.
Бір рет қолданылатын пластикті азайтамын.
• Табиғат аясында демалғаннан кейін өз қоқысымды міндетті түрде жинаймын.
• Батареялар мен электрондық қалдықтарды арнайы жинау орындарына тапсырамын және т.б. уәделермен тарқады.
«Бір адам – бір экоәдет – үлкен өзгеріс!» Эко-уәделер бере отырып, ертеңгі таза болашақты» және «Таза Қазақстанды өз ауламнан бастаймын» қағидатын қалыптастыру сөзсіз маңызды. Ауқымды диалогымыз, қызу пікірталастар мен ортаға салынған креативті идеялар өз мәресіне қызықты жетті.
Басқосуда кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Шортанбаева айтулы іс-шара тақырыбына өзекті пікір білдірді.
Мәнсия ӘСЕМБАЕВА,
доцент, ф.-м.ғ.к.
Гүлжан ИЛЬЯСОВА,
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушысы
Басқа жаңалықтар