Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған эколог студенттердің кураторлық сағаты — ҚазҰУ

Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған эколог студенттердің кураторлық сағаты

19 қазан 2026
Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған эколог студенттердің кураторлық сағаты

2026 жылғы 19 қазанда География және табиғатты пайдалану факультетінің «Экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері куратор К.К. Хамитовамен бірге Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған онлайн форматта кураторлық сағат өткізді.

Кездесу барысында студенттер мерекенің пайда болу тарихымен танысып, оның Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызын талқылады және соңғы жылдардағы мәртебесінің өзгеруіне назар аударды.

Семинар соңында оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелеріне көңіл бөлінді. Куратор студенттерге бірінші межелік бақылауды тапсыру тәртібін түсіндіріп, өзекті сұрақтарына жауап берді және оқу тапсырмаларын уақытылы орындаудың маңыздылығын еске салды.

Іс-шара студенттердің ел тарихы туралы білімдерін кеңейтуге, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және оқу үдерісіне қатысты ақпараттандырылуын арттыруға ықпал етті.