ҚазҰУ аумағында сенбілік жұмыстары өткізілді
17 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тазалықты сақтау және қоршаған ортаны абаттандыру мақсатында жалпыуниверситеттік сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері белсене қатысып, университет аумағын тазарту жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында жастар аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге атсалысып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың және ортақ кеңістікті күтіп ұстаудың маңызын көрсетті. Студенттердің белсенділігі олардың экологиялық мәдениеті мен қоғамдық бастамаларға деген жауапкершілігін айқындай түсті.
.jpeg)
Осындай игі бастамалар университет ұжымының бірлігін нығайтып, жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Басқа жаңалықтар