ҚАЗҰУ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНДА STUDY IN AZERBAIJAN АЯСЫНДА ЖОБА — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНДА STUDY IN AZERBAIJAN АЯСЫНДА ЖОБА

20 қазан 2026
ҚАЗҰУ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ  ЖАНЫНДАҒЫ ӘЗЕРБАЙЖАН ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫНДА STUDY IN AZERBAIJAN АЯСЫНДА ЖОБА

ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасы  жанындағы Әзербайжан тарихы мен мәдениеті орталығында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы білім беру байланыстарын нығайту және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Әзербайжан Республикасының Ғылым және жоғары білім жөніндегі мемлекеттік агенттігінің өкілі Афет Алакбаровамен кездесу өтті. Кездесуді Шығыстану факультетінде Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында Афет Алакбарова шетелдік талапкерлерге Әзербайжанның жоғары білім беру жүйесі Study in Azerbaijan жобасын таныстырды.

Кездесудің негізгі мақсаты - қазақстандық студенттерге Әзербайжан университеттерінде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, академиялық ұтқырлықты дамыту және халықаралық білім кеңістігіндегі жаңа перспективаларды талқылау.

Кездесу барысында Әзербайжан жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары, грант негізінде және ақылы түрде оқу мүмкіндіктері, шетелдік студенттерге қойылатын қабылдау талаптары, сондай-ақ елдегі жоғары білімнің сапасы мен артықшылықтары кеңінен қарастырылды.

Study in Azerbaijan жобасы халықаралық студенттерге Әзербайжанда білім алу мүмкіндіктерін таныстырып, университеттер мен болашақ талапкерлер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Жоба шетелдік жастарға білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алуға, оқу бағыттарын таңдауға және академиялық болашағын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Шығыстану факультетінде Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен кездесу халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуға, студенттердің академиялық мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени-білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.

Study in Azerbaijan - халықаралық білімге бастайтын жол және жаңа академиялық қадам.

Кыркымбекова А.