ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХШЫ-ПОЛИТОЛОГЫ НҰРАТ ІЛИЯС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ — ҚазҰУ

ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХШЫ-ПОЛИТОЛОГЫ НҰРАТ ІЛИЯС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

20 қазан 2026
ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХШЫ-ПОЛИТОЛОГЫ НҰРАТ ІЛИЯС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының тарихшы политологы  Нұрат Ілияс, Қонаев қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Алматы облысының білім Басқармасының ұйымдастырған «Жаһандану дәуіріндегі түркі әлемінің рухани мұрасы: тарих, әдебиет, құндылықтар тағылымы және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Бұл конференцияға Өзбекстан, Қырғызстан, Башкурдстан, Кастамону университеті (Түркия),  қонақтар да қатысты.

Конференция аясында тарих секциясының «Тарих, тарихи рөл және сабақтастық» тақырыбына ерекше назар аударылды. Іс-шара түркі халықтарының ортақ тарихи мұрасын зерделеуге, тарихи сабақтастықтың маңызын түсінуге және рухани құндылықтарды заманауи қоғам жағдайында сақтап, дәріптеу мәселелерін талқылауға бағытталды.

Конференция түркі әлемінің тарихы мен мәдениетін зерттеу, тарихи мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және ғылыми тәжірибе алмасу бағытындағы маңызды алаңға айналды. Мұндай ғылыми іс-шараларға қатысу білім көкжиегін кеңейтіп, ұлттық және ортақ түркілік құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тарих пен рухани мұраны зерттеуге, ғылыми ізденіске және мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.

Кыркымбекова А.