Республика күні: тарих, таным және тағылым
2026 жылғы 20 қазанда «Экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері кураторлары А.М. Мухитдинов және Г.Б. Сарсенбаевамен бірге кезекті кездесуін алдағы Қазақстан Республикасының күніне арнады.

Іс-шара жылы, достық әрі танымдық атмосферада өтті. Студенттер белсенділік танытып, өздері дайындаған презентациялар арқылы мерекенің тарихы, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы, ұлттық құндылықтар мен еліміздің жетістіктері туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.
.jpeg)
Кездесудің ерекше қызықты бөлігі «Сұрақ-жауап» интерактивті ойыны болды. Ойын барысында студенттер Қазақстанның тарихы, мәдениеті және мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін сынады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға тәтті сыйлық табысталды!

Осындай тәрбиелік кездесулер студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік сезімді, туған елінің тарихына құрметті, бірлік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Еліміздің тарихын білу, бүгінін бағалау және жарқын болашағына сену – әрбір жас қазақстандықтың маңызды міндеті!
Басқа жаңалықтар