География және табиғатты пайдалану факультетінің активистерімен кездесу өтті — ҚазҰУ

География және табиғатты пайдалану факультетінің активистерімен кездесу өтті

20 қазан 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінің активистерімен кездесу өтті

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде факультет активистерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты – студенттік бастамаларды қолдау, факультет өмірін дамыту және алдағы жұмыстардың басым бағыттарын айқындау.

   Кездесу барысында факультеттің алдағы жоспарлары талқыланып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, студенттік өмірді жандандыруға, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

   Жиынға факультет деканының орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы қатысты. Кездесу студенттер мен факультет басшылығы арасындағы байланысты нығайтып, алдағы міндеттерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

   Студенттік активтің белсенділігі мен өзара ынтымақтастық факультеттің дамуына, тың идеялардың жүзеге асуына және ортақ жетістіктерге қол жеткізуге жол ашады.