На факультете географии и природопользования отметили День учителя
2026 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызының қатысуымен «Ұстаздар күніне» арналған тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ұстаздардың қоғамдағы орны, білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбегінің маңыздылығы атап өтілді. Ұстаздық мамандықтың жауапкершілігі мен жас ұрпақтың болашағын қалыптастырудағы ерекше рөліне назар аударылды.

Мерекелік іс-шара аясында оқытушылардың білім мен тәрбие беру жолындағы еңбегіне құрмет көрсетіліп, олардың шәкірттерге бағыт-бағдар берудегі маңызы айқындалды. Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, олардың тұлға ретінде дамуына ықпал ететін маңызды тұлға.

Іс-шара соңында барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен шығармашылық шабыт тілінді. Шәкірттерінің жетістігіне қуанып, әрдайым құрмет пен алғысқа бөлене берулеріне, білім жолындағы еңбектерінің жемісін көрулеріне тілектестік білдірілді.
Басқа жаңалықтар