Тазалықты қалай құрметтеуге болады?
«Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 4 курс тобында «Тазалық пен тәртіп – өзімізден басталады» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шара барысында студенттердің мінез-құлық мәдениеті мен жауапкершілікке деген көзқарасын жаңғыртуға баса назар аударылды. Кураторлық сағатта студенттер факультет аумағын таза ұстаудың және ортақ кеңістікке ұқыптылықпен қараудың маңыздылығын талқылады.
Әсіресе студенттік ар-намыс Кодексін сақтау, оқу орнының мүлкіне жанашырлықпен қарау және тазалықты күнделікті өмірдің ажырамас дағдысына айналдыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев тазалық мәдениетін ұлттық брендімізге айналдыру қажеттігін үнемі атап өтіп келеді. Осы ұсынысы қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы – қоғамда, әсіресе жастар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бағдарлама. Тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі – экологиялық мәдениет пен жауапты мінез-құлық. Студенттер бұл талаптардың күнделікті өмір салтымыздың ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар тазалық пен тәртіпті сақтау әр адамның жеке жауапкершілігі екені айтылды.
Талқылау барысында жұмыс орнын таза ұстау, ортақ кеңістікті күтіп-баптау және тәртіп сақтау қағидалары қолдау тапты. Өйткені қоғамның игілігі мен өмір сүру сапасы әрқайсымыздың күнделікті әдеттерімізден басталады!
Басқа жаңалықтар