Қытайтану кафедрасының докторанты халықаралық ғылыми байқау жеңімпазы атанды — ҚазҰУ

Қытайтану кафедрасының докторанты халықаралық ғылыми байқау жеңімпазы атанды

21 қазан 2026
Қытайтану кафедрасының докторанты халықаралық ғылыми байқау жеңімпазы атанды

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Турсынғали Зұлфия «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2026» халықаралық ғылыми байқауының жеңімпазы атанды.

     «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2026» («Лучший молодой учёный СНГ – 2026») халықаралық ғылыми байқауын Endless Light in Science халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, ғылыми жетістіктерін кеңінен насихаттау және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ету.

     2026 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында өткен байқау сырттай форматта ұйымдастырылып, филология, педагогика, медицина, техника және басқа да ғылым салаларын қамтыған 25 ғылыми бағыт бойынша өткізілді.

     Байқау қорытындысы бойынша Турсынгалиева Зұлфия дәрежелік дипломмен және «ТМД-ның үздік жас ғалымы» медалімен марапатталды. Бұл марапат жас зерттеушінің ғылыми ізденісіне берілген жоғары баға және оның кәсіби дамуына серпін беретін маңызды жетістік болып табылады.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасы докторантты осындай елеулі жетістігімен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейді!