Жапон студенттерімен өткен жазғы мектеп — ҚазҰУ

Жапон студенттерімен өткен жазғы мектеп

7 қыркүйек 2026
Жапон студенттерімен өткен жазғы мектеп

Әл-Фараби атындағы Шығыстану факультетінде академиялық ұтқырлық аясында студенттер алмасуды дамыту мақсатымен 02.08.2026-05.09.2026 аралығында«Аймақтану: Қазақстанның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты жазғы мектеп ұйымдастырылды. Жазғы мектепке Жапонияның бірнеше университетінен 30 тыңдаушы қатысты. Атап айтсақ, Токио шет тілдер университетінен 13, Киото университетінен 6, Цукуба университетінен 8, Васеда университетінен 3 студент келді. 

Жазғы мектеп бағдарламасы аясында жапон студенттері Қазақстанның саясаты, экономикасы және мәдениеті жайлы дәрістер тыңдап, қазақ және орыс тілдерін үйренумен қатар, Шарын, Таңбалы тас, Алтын емел, Номад этноорталығы, Ұлттық орталық музей сынды жерлерге барып, қазақтың тарихымен және мәдениетімен кеңірек танысты.