- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Филолог пен аудармашының мансаптық траекториясы: лингвистке қажетті заманауи skill-дер» практиктермен кездесу
«Филолог пен аудармашының мансаптық траекториясы: лингвистке қажетті заманауи skill-дер» практиктермен кездесу
2026 жылғы 19 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның 8-Тұрақты даму мақсаты – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыты шеңберінде «Филолог пен аудармашының мансаптық траекториясы: лингвистке қажетті заманауи skill-дер» тақырыбында сала практиктерімен кең көлемді кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – гуманитарлық бағытта білім алушы студенттер мен жас мамандарды заманауи еңбек нарығының талаптарымен таныстыру, филологтар мен аудармашылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі лингвистикалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері мен болашақ мансаптық мүмкіндіктерін талқылау болып табылады.
Семинар-кездесу барысында лингвистке қажетті негізгі қатқыл (hard skills) және жұмсақ (soft skills) дағдылар егжей-тегжейлі талданып, практикалық мысалдар келтірілді. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен заманауи компьютерлік лингвистика құралдарын (CAT-системалар, корпустық технологиялар, машиналық аударманы редакциялау) меңгеру, жобалық менеджмент, сыни ойлау, пәнаралық коммуникация және цифрлық контентпен жұмыс істеу икемділіктері сөз болды. Қатысушылар еңбек нарығындағы жаңа трендтерді, аударма ісі мен филологиялық білімнің экономикалық өсімге қосатын үлесін және жас мамандардың лайықты жұмыспен қамтылу жолдарын сараптады.
Интерактивті пікірталас форматында өткен шарада студенттер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, кәсіби тағылымдамадан өту және мансаптық траекторияны дұрыс жоспарлау бойынша құнды практикалық кеңестер алды. Кездесу білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына зор серпін беріп, олардың болашақ еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етті.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD, доцент м.а. М. Жамбылқызы
Басқа жаңалықтар