- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері араб тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық «Хамза» тестін тапсырды
ҚазҰУ студенттері араб тілін меңгеру деңгейін анықтайтын халықаралық «Хамза» тестін тапсырды
2026 жылғы 13 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің студенттері араб тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейін анықтауға арналған халықаралық академиялық «Хамза» тестін тапсырды.
Тестілеу «Қазақстандағы араб тілі айы» халықаралық бағдарламасы аясында өтті. Ұйымдастырушылар – Король Салман атындағы Араб тілі дүниежүзілік академиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Тестке «Шығыстану» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
«Хамза» халықаралық академиялық тестін Король Салман атындағы Араб тілі дүниежүзілік академиясы араб тілін шет тілі ретінде үйренушілерге арнап әзірлеген. Тест тіл меңгеру деңгейін анықтауға және төрт негізгі тілдік дағдыны – тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылымды бағалауға мүмкіндік береді. Нәтижелер тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттер жүйесінің деңгейлерімен сәйкестендіріледі.
Халықаралық тестілеуге қатысу студенттерге араб тілін меңгеру деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік берді. Күнделікті оқу үдерісіндегі бағалаудан бөлек, стандартталған тест тілдік құзыреттерді кешенді түрде тексеруге, студенттің мықты тұстарын және алдағы уақытта жетілдіруді қажет ететін бағыттарын анықтауға көмектеседі.
Мұндай тәжірибе болашақ шығыстанушылар мен аудармашылар үшін ерекше маңызды. Араб тілін еркін меңгеру – олардың кәсіби даярлығының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
«Хамза» халықаралық тестінің өткізілуі «Қазақстандағы араб тілі айының» маңызды білім беру бағыттарының бірі болды. Бағдарлама білім беру семинарларын, интерактивті тілдік ойындарды және халықаралық тестілеуді біріктірді. Бұл студенттерге араб тілін жетілдірумен қатар, өз деңгейін халықаралық критерийлер негізінде бағалауға мүмкіндік берді.

Көптілеуова Д.Т.
ТШжОА кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар