Заң мен тәртіп — қауіпсіздік пен әділетті қоғамның негізі! — ҚазҰУ

Заң мен тәртіп — қауіпсіздік пен әділетті қоғамның негізі!

21 қазан 2026
Заң мен тәртіп — қауіпсіздік пен әділетті қоғамның негізі!

2026 жылғы 21 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының ювеналдық полиция өкілдерінің қатысуымен заң факультетінің 2-курс студенттеріне арналған дәріс ұйымдастырды.

 

Іс-шара спикерлері:

  • Сапар Ермахан Мырзахметұлы — Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты;

  • Жылқай Сымбат Амангелдіқызы — Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты.

Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда құқық қорғау органдарының рөлі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға құрметпен қарау көзқарасын дамытуға ерекше назар аударылды.

Дәріс ашық диалог форматында өтіп, студенттерге полиция қызметкерлерінің практикалық қызметімен және қазіргі қоғамдағы профилактикалық жұмыстың маңыздылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шаралар университет пен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ болашақ заңгерлердің белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.