- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
«Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
Механика-математика факультетінің математика кафедрасының оқытушысы Аузерхан Гауһар 3-курс Математика-24-01 тобының студенттерімен 21.10.2026 ж. күні сағат 15.00 де ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» аясында «Студенттің психологиялық және физикалық қауіпсіздігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық және физикалық қауіпсіздік туралы түсініктерін кеңейту, білім беру ортасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және өзге адамдардың құқықтары мен жеке шекараларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында психологиялық саулықты сақтаудың маңыздылығы, күйзелістің алдын алу, жағымсыз эмоцияларды басқару, өзара сыйластық пен қолдау көрсету, сондай-ақ оқу орнындағы физикалық қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Студенттер қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру жолдары туралы өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, әрбір студенттің өзін қауіпсіз сезінуі, өз пікірін еркін білдіруі және сапалы білім алуға тең мүмкіндіктерге ие болуы маңызды екені атап өтілді.
Аталған ашық сабақ студенттердің қауіпсіздік мәселелеріне деген жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға және өзара құрметке негізделген қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара ТДМ 4– «Сапалы білім беру» бағытына сәйкес жүзеге асырылып, қауіпсіз, инклюзивті және тиімді білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын айқындады.
Механика математика факультеті куратор эдвайзер Аузерхан Гауһар,
кафедра меңгеруші Тлеулесова Айгерім,
оқу ісі жөніндегі меңгеруші Мамаева Венера
Басқа жаңалықтар