Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат" психологиялық тренинг өткізілді — ҚазҰУ

Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат" психологиялық тренинг өткізілді

15 қазан 2026
Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат" психологиялық тренинг өткізілді

2 курс ЕҒжС мамандығымен, Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының куратор-эдвайзерімен Асубай А.О. " Өмірдің құндылығы және эмоционалдық әл-ауқат" психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында "Психологиялық қолдау" қызметінің, Турлықожа Темірлан Бекетұлы, "Инклюзивті орталық", Сайлауов Асет Төлегенұлы психолог мамандары шақырылды.   Тренингтің мақсаты – өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру, өзін және айналасындағыларды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ өмірлік құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру. Тренинг барысында студенттер пікірталастарға және практикалық тапсырмаларға қатысып, өмірдің мәні, жеке мақсаттары мен адами қарым-қатынастардың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара студенттердің позитивті ойлауын дамытуға, өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен және құрметпен қарауына ықпал етті.

ТДМ 3 – Ең негізгі мақсат. Студенттердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық әл-ауқатын қолдау және салауатты өмір салтын қалыптастырумен тікелей байланысты.

ТДМ 4 – Студенттердің тұлғалық дамуына, өзін-өзі тануына және өмірлік құндылықтарды түсінуіне ықпал етеді.

ТДМ 16 –Өзара құрметті, толеранттылықты, жауапкершілікті және адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамытуға сәйкес келеді.

 

ЕҒжС кафедрасы