- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақ тәжірибесі: Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» (ҰЗУ ЖЭМ) пікірталас-сараптамалық форумына қатысу
Болашақ тәжірибесі: Мәскеудегі Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» (ҰЗУ ЖЭМ) пікірталас-сараптамалық форумына қатысу
2026 жылғы 13–16 қазан аралығында Мәскеуқаласында (Ресей Федерациясы) өткен Ұлттықзерттеу университеті «Жоғары экономика мектебінің» (ҰЗУ ЖЭМ) пікірталас-сараптамалық форумына қатысу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғарымектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары (э.ғ.к., қауымдастырылған профессор З.Б. Ахметова, ағаоқытушы Н.Б. Шуренов) мен студенттері (К. Байгалтинов, М. Аскарова, Ж. Мурзатай) үшінбірегей білім беру және кәсіби тәжірибе болды.
Форум жетекші зерттеушілерді, мемлекеттікжәне корпоративтік секторлардыңсарапшыларын, жас мамандар мен студенттердібіріктірді. Іс-шара бағдарламасы қазіргіэкономика, технологиялар мен қоғамның өзектімәселелерін көрсететін маңызды тақырыптарғаарналды.
Форумның алғашқы күнінен бастапқатысушылар негізгі үрдістерді талқылауғабелсенді түрде қатысты. Сараптамалық алаңдардатарифтік реттеудің әлеуметтік-экономикалықаспектілері, құрылымдық трансформация жағдайындағы бюджет саясаты, сондай-ақхалықаралық сауда мен ғылымды зерттеудежасанды интеллектіні қолдану мәселелеріқарастырылды. Экономиканың түрлі салаларындажасанды интеллектіні бизнеске іс жүзінде енгізужәне робототехниканы қолдану тақырыптарынаарналған секциялар ерекше қызығушылықтудырды.
Бағдарламаның келесі күндері қолданбалыжәне академиялық зерттеулердің кең ауқымынқамтыды. Еуразиялық экономикалық одақтағы(ЕАЭО) интеграциялық үдерістерді бағалау, салық түсімдерін модельдеу, адами капиталдыдамыту, сондай-ақ жасанды интеллектіні қауіпсізқолдану мәселелері басты назарда болды.
Форумның қорытынды бөлімдері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлықәзірлемелер (R&D) орталықтарының қызметіне, IT-өнімдерді ауқымдауға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, сондай-ақ 2036 жылғадейінгі негізгі экономикалық үдерістердіболжауға арналды.
Пікірталас-сараптамалық форумдақарастырылған көптеген мәселелердің Тұрақтыдаму мақсаттарымен (ТДМ) байланысты болғаныерекше атап өтуге тұрарлық. Атап айтқанда:
ТДМ 3: Денсаулық және әл-ауқат
Талқыланған тақырыптар білім беру үдерісінеқатысушылардың психикалық денсаулығыннығайтуға және психоэмоционалдықтұрақтылығын арттыруға бағытталғанмәселелерді қамтыды.
ТДМ 4: Сапалы білім
Форумда жоғары оқу орындарындағы білімберу тиімділігін арттыру, озық технологиялардыбілім беру ортасына енгізу және оқубағдарламаларын цифрлық дәуірдің талаптарынабейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ТДМ 7: Қолжетімді және таза энергия
ЕАЭО өңірлерінде энергетиканың тұрақтыжұмыс істеу негіздерін қалыптастыру мақсатындаэлектр желілерін жаңғырту, энергия тиімділігінарттыру және энергияның инновациялықкөздеріне көшу мәселелеріне арналғанпікірталастар үлкен қызығушылық тудырды.
ТДМ 8: Лайықты жұмыс жәнеэкономикалық өсу
Ғылыми және білім беру қауымдастығыөкілдерінің еңбек нарығын дамыту мен еңбекөнімділігіне қатысты пікір алмасуы сапалыжұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықтабысын арттыру, іскерлік белсенділіктіынталандыру және Достастық елдерініңэкономикалық дамуын қолдау мәселелерінқарастыруға бағытталды.
ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елдімекендер
Форумның бірқатар сессиялары ТәуелсізМемлекеттер Достастығы (ТМД) елдеріндегіқалалық инфрақұрылым мен өнеркәсіптіжаңғырту мәселелеріне арналды. Бұл үдерістер«жасыл» технологияларды енгізуге жәнересурстарды ұтымды пайдалануға тікелейбайланысты.
Осылайша, Мәскеуде өткен ҰЗУ ЖЭМпікірталас-сараптамалық форумына қатысуосындай сараптамалық алаңдардағы белсендіжұмыстың зерттеу құзыреттерін дамытуға жәнежаһандық экономикалық үрдістерді тереңіректүсінуге серпін беретінін көрсетті.
Басқа жаңалықтар