Абай тағылымы – адамгершілік пен табиғатқа құрмет негізі
2026 жылғы 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Абай тағылымы: табиғатты аялау және адамгершілік құндылықтар» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті.
Іс-шараны факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сакенова Айгерім Нұрланқызы өткізді. Дәріс барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы, оның шығармаларындағы адамгершілік қағидалары, тұлға тәрбиесі және адамның қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілігі туралы айтылды.

Кездесу барысында Абайдың білімге, әділеттілікке, адал еңбекке және ізгілікке үндейтін ойларының бүгінгі күндегі маңызына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қозғалды. Адамгершілік құндылықтар мен табиғатқа деген жауапкершіліктің өзара байланысы түсіндіріліп, әр адамның қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесінің маңыздылығы атап өтілді.

Дәріс студенттерге Абай мұрасын тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды бағалауға және табиғатты аялаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Осындай тағылымды кездесулер жастардың рухани дүниесін байытып, елге, жерге және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар