География және табиғатты пайдалану факультетінде халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық семинарлар өтті — ҚазҰУ

География және табиғатты пайдалану факультетінде халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық семинарлар өтті

22 қазан 2026
География және табиғатты пайдалану факультетінде халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық семинарлар өтті

География және табиғатты пайдалану факультетінде халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық семинарлар өтті

 

2026 жылғы 12–22 қазан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде Scopus, Web of Science, ScienceDirect, SciVal және LeapSpace халықаралық ғылыми-ақпараттық дерекқорлары мен талдамалық платформаларымен жұмыс істеуге арналған практикалық семинарлар сериясы өтті.

 

 

Іс-шаралар профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыру, ғылыми ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдардың сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Практикалық семинарлар факультеттің бес кафедрасында өткізілді:

12 қазан – Метеорология және гидрология кафедрасы;

14 қазан – Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы;

16 қазан – Рекреациялық география және туризм кафедрасы;

19 қазан – География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы;

22 қазан – Картография және геоинформатика кафедрасы.

 

 

Семинарлар барысында қатысушылар халықаралық ғылыми дерекқорлардың өзекті ғылыми жарияланымдарды іздеу, заманауи зерттеу бағыттарын талдау, авторлардың ғылыми нәтижелілігін бағалау және зерттеу нәтижелерін жариялауға қолайлы ғылыми журналдарды таңдау мүмкіндіктерімен танысты.

 

 

Scopus дерекқорында ғылыми әдебиеттерді тиімді іздеу стратегияларына, түйінді сөздер мен логикалық операторларды қолдануға, дәйексөз алу көрсеткіштерін талдауға, сондай-ақ CiteScore, SJR және SNIP сияқты ғылыми журналдардың библиометриялық көрсеткіштерін пайдалануға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми басылымдардың квартильдерін (Q1–Q4) анықтау, зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін бағалау және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері қарастырылды.

Халықаралық ғылыми журналдарды таңдау критерийлері, сапалы ғылыми мақалалар дайындау, ашық қолжетімділік (Open Access) мүмкіндіктері және ғылыми жарияланымдар саласындағы жосықсыз баспа тәжірибелерін анықтау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді.

Web of Science, ScienceDirect, SciVal және LeapSpace платформаларымен танысу аясында олардың ғылыми ақпаратты іздеу, зерттеу қызметін талдау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Практикалық семинарлардың өткізілуі факультеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігін арттыруға және ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі ұстанымдарын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болды.

Осындай іс-шаралар ғылыми қызметте заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.