- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ғылыми зерттеулерді дамыту және жарияланым белсенділігін арттыру бойынша семинар өтті
ҚазҰУ-да ғылыми зерттеулерді дамыту және жарияланым белсенділігін арттыру бойынша семинар өтті
ҚазҰУ-да ғылыми зерттеулер мен жарияланым белсенділігін арттыруға арналған семинар өтті
2026 жылғы 20 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде философия кафедрасы докторанттарының ұйымдастыруымен «Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жарияланым белсенділігін арттырудағы цифрлық платформалардың рөлі» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ғалымдардың халықаралық ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру және заманауи цифрлық платформаларды ғылыми зерттеулерде тиімді пайдалану жолдарын таныстыру.
Семинар барысында Scopus, Web of Science, ScienceDirect, SciVal және LeapSpace платформаларының мүмкіндіктері, ғылыми зерттеулерді жоспарлау, әдебиеттерге шолу жасау және библиометриялық көрсеткіштерді талдау мәселелері қарастырылды.
Семинарда PhD, қауымдастырылған профессор Нұрлан Муминов, PhD, Экономика институтының аға ғылыми қызметкері, Zertteu LAB жетекшісі Айсұлу Молдабекова және «Философия» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Ербол Сырбаев баяндама жасап, ғылыми қызметте цифрлық құралдарды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараға философия кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, PhD Назгүл Жанысқызы Құдайбергенова, Философия және саясаттану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.
Семинар модераторы – PhD, философия кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Раймбек Бақытжанұлы Зейнуллин.
Практикалық семинар жас зерттеушілердің ғылыми құзыреттілігін арттыруға, халықаралық ғылыми ресурстарды тиімді пайдалануға және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Басқа жаңалықтар