- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Тәртіп бар жерде – табыс бар»: Шығыстану факультетінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ашық сұхбат өтті
«Тәртіп бар жерде – табыс бар»: Шығыстану факультетінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ашық сұхбат өтті
2026 жылғы 22 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Тәртіп бар жерде – табыс бар» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заңгерлермен ашық сұхбат алаңы өтті. Іс-шараға заңгерлер, факультет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және студенттер арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Сұхбат барысында құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары және құқық қорғау органдарының қызметі талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, заң талаптарын сақтаудың және әрбір азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуінің маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық санасын нығайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және университетте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау! Бүгінгі әңгіме – ертеңгі қауіпсіздік!


Басқа жаңалықтар