«Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен «Заңға құрмет – қоғамға құрмет!» тақырыбында ашық дәріс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамдағы құқықтық мәдениеттің маңызын түсіндіру.Ашық дәріс барысында заңның қоғам өміріндегі рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар, заңға құрметпен қараудың қоғамдық тәртіпті нығайтудағы және тұрақты қоғам қалыптастырудағы маңызы сөз болды.Дәріс студенттердің құқықтық білімін кеңейтіп, заң талаптарын сақтаудың әрбір азамат үшін маңызды екенін түсінуге ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жастардың бойында жауапкершілік, тәртіп және азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған.
Ашық дәрісті «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс куратор-эдвайзерлері ұйымдастырды.
Басқа жаңалықтар