20 қыркүйек 2016 жылы, Археология, этнология және музеология кафедрасы, «5В020800 – Археология және музеология» мамандығы, 2 курс студенттерімен факультет тарапынан ұйымдастырылған «Тіл апталығы» аясында «Тіл – ұлттың жаны» атты эдвайзерлік сағат өткізілді. Эдвайзерлік сағаттың кіріспе сөзін алған топ куратор-эдвайзері – М.Қ. Дауытбекова «Қазақ тілінің тарихы мен бүгініне, болашағына тоқталып, студенттерге «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте деген» қағидатты ұстануға шақырды. Іс – шара барысында Дүйсенбай Назым, Қатият Қымбат, Әлімхан Дәурен баяндама жасап, Кеңес Әкежан «Ерке сылқым» күйін нақыша келтіре орындады. Эдвайзерлік сағат соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны айтылды.
Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент М.Қ. Дауытбекова