25 қазан – Республика күні: Қазақстанның егемендігі мен бірлігінің символы
25 қазан – Республика күніне орай Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек кафедрасының оқытушылары, PhD докторы Карашева Ж.Т. және аға оқытушы Хибина Н.Н. білім алушылардың қатысуымен танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына деген құрметті арттыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайту. Сонымен қатар, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысында Республика күнінің тарихи маңызы, оның Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы орны мен рөлі кеңінен талқыланды. Білім алушыларға 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи мәні түсіндіріліп, оның еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды қадам болғаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, мемлекеттік рәміздердің маңызы, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімнің құндылығы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ел тарихына қатысты сұрақтарды талқылап, азаматтық ұстаным мен патриотизмнің қоғам дамуындағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституция мен заңдарды құрметтеуге, азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуге ерекше назар аударылды. Өйткені құқықтық мемлекет құру жолында әрбір азаматтың заңға деген құрметі, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы және өз елі алдындағы жауапкершілігін сезінуі маңызды.
Республика күні – ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухты көтеретін, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын маңызды мемлекеттік мереке. Мұндай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, тарихи санасын дамытуға және ел болашағына бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын! Республика күні құтты болсын!
Басқа жаңалықтар