Халықаралық ынтымақтастық аясындағы кездесу
2026 жылы 22 қазан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласындағы Қытайдың Бас консулдығының өкілдерімен, Конфуций институтының өкілдерімен және шетелдік студенттердің қатысуымен 25 қазан Республика күні мерекесіне арналған халықаралық ынтымақтастық аясында кездесу өткізді.
Кездесуге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының консулы Хуан Сяоминь, консул орынбасары Хуан Лей және Конфуций институтының директоры Р.Ө. Асильбеков және оқытушылары мен студенттері, кафедраның оқытушылары, білім алып жатқан шетелдік студенттері қатысты. Жиынды Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы А.А. Бектанов ашып берді. Кафедра меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы өз баяндамасында Республика күні мерекесі туралы, оның тарихымен, маңызымен таныстырып өтті. Кездесуде қонақтар сөз сөйлеп, студенттер сұрақтар қойып, мәдени диалог түрінде талқылау болды.
Басқа жаңалықтар