Түркия Республикасының Артвин қаласында өткен VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі — ҚазҰУ

Түркия Республикасының Артвин қаласында өткен VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі

21 қазан 2026
Түркия Республикасының Артвин қаласында өткен  VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі

Түркия Республикасының Артвин қаласында орналасқан «Артвин Чорух» мемлекеттік университетінің базасында 2026 жылғы 16–20 қыркүйек аралығында доктор, Османгазы университетінің профессоры Эюп Артвенлидің ұйымдастыруымен VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі өтті. Сегізінші рет өтіп отырған бұл қонгресс географиялық білім беру саласындағы әртүрлі елдердің ғалымдары мен педагогтарін Артвин қаласында бас қосып ғылыми білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға мүмкіндік берді.

 

Конгрестің үш күндік бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды болды. Бағдарламаға 48 баяндама сессиясы, 191 ауызша баяндама, бір постерлік презентация, төрт панельдік талқылау және сегіз шеберлік сабағы енгізілді. Ғылыми кездесулер барысында географияны оқыту әдістері мен оқу бағдарламалары, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, климаттың өзгеруі, табиғи апаттар туралы білім беру, тұрақты даму, мәдени мұра және адам мен ғарыш қатынастары секілді маңызды мәселелер талқыланды. Бүгінгі таңда халықаралық туризмді дамыту, табиғи аймақтарды қорғау, қоршаған ортаны сақтау және географиялық білім беруді жетілдіру – әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта кәсіби ізденіс танытып, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік алған Географиядан Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің 11 мүшесі қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Орынбек Бахыт Аблайханқызы КазҰУ-дің PhD докторанты, Темирбеков Аманкелді Тажиевич, ҚазҰУ-дің География, Жерге орналастыру және Кадастр кафедрасының профессоры қатысты. Географиядан Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің ғылыми жетекшісі, ҚазҰУ-дің География, Жерге орналастыру және Кадастр кафедрасының профессоры Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасынан келген ғалымдарға модератор болды. Қазақстаннан барған ғалымдарға «Артвин Чорух» мемлекеттік университетін биыл бітірген Ақтау қаласының тұрғыны Айна Адиетова аудармашы қызметін атқарды.

Конгресс аясындағы маңызды оқиғалардың бірі Артвин Чорух университетінің ректоры, профессор, доктор Ибрагим Айдын мен конгрестің тең төрағасы, профессор, доктор Өзлем Ұлу Қалын ханымға «Халықаралық география ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» Географиядан Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады. Аталған марапаттар – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, география білімін жетілдіруге және түрлі елдердің ғалымдары мен ұстаздарын ортақ мақсат жолында біріктіруге бағытталған еңбектің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын көрінісі.

 

Артвин қаласында өткен конгресс ғылыми білім мен тәжірибе алмасуға ғана емес, халықаралық академиялық байланыстарды дамытуға да жағдай жасады. Әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен ұстаздардың басын қосқан бұл жиын географияны оқыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берді. Осындай халықаралық алаңдарда отандық білім беру тәжірибесін таныстырудың және шетелдік әріптестермен кәсіби байланыс орнатудың маңызы зор.

 

VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі барысында Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Ризе және Артвин қалалары мен Грузия еліне Батуми қаласына туристік сапар ұйымдастырылды. Бұл сапарлар аталған елдердің табиғи ерекшеліктерімен, мәдени мұрасымен және туристік мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына жол ашты. Осындай танымдық тәжірибе география пәнін оқыту барысында теориялық білімді нақты мысалдармен ұштастыруға, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және олардың туған жер мен әлем табиғатына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Ұстаздардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, ғылыми байланыстарды нығайту және Қазақстанның, соның ішінде Түркістан облысының географиялық білім беру саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыру – білім саласының дамуына ықпал ететін маңызды қадам болды.

 

Конгреске қатысқан Географиядан Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің мүшелері география пәнінен оқушыларға Жер шарының табиғатын, елдердің ерекшеліктерін, халықтардың мәдениетін және қоршаған ортаны қорғаудың маңызын танытады. Сондықтан халықаралық тәжірибені меңгеріп, оны сабақ барысында тиімді қолдану – менің кәсіби мақсаттарымның бірі. Алдағы уақытта конгресте жинақтаған білімім мен тәжірибемді оқушыларыммен бөлісіп, олардың география ғылымына деген қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға және туған жердің табиғатын құрметтеуге тәрбиелеуге күш саламыз деген ойда болды.

 

«Ұстаздық жол үздіксіз ізденісті, кәсіби жауапкершілікті және білімді үнемі жетілдіруді талап етеді. Осы халықаралық сапар маған жаңа мүмкіндіктер сыйлап, алдағы жұмысыма тың серпін берді. Ұстаздың жетістігі – шәкіртінің мақтанышы, отбасының қуанышы, мектебінің мерейі. Мен үшін алған білімім мен жинақтаған тәжірибемді ел игілігіне жаратып, шәкірттерімнің сапалы білім алуына үлес қосу – басты міндетім. Алдағы уақытта да кәсіби біліктілігімді арттырып, білім мен ғылым жолында ізденіп, туған өлкемнің және еліміздің білім беру саласының дамуына өз үлесімді қоса беруге ниеттімін» -дейді Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «С.Датұлы атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің география пәнінің мұғалімі Туляева Айна Сеилханқызы.

 

Конгреске қатысушылар Артвин Чорух университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Халықаралық географиялық білім беру конгресі университет ректоры, профессор Ибрахим Айдын мен профессор Өзлем Улу Калынға, профессор Эюп Артвенли мырзаға конгресті ұйымдастыруға қосқан үлестері мен атқарған еңбектері үшін зор алғыстарын айтып, «Қазақ университеті» баспасынан шыққан «Түркі тілдес елдер географиясы» оқулығының қазақ, орыс, өзбек, қырғыз және түрік тілдерінде шыққан кітаптарды университет кітапханасына сыйлап, елге қайытты.