Тіл тағдыры – ел тағдыры

7 қазан, 2016

Археология, этнология және музеология кафедрасы факультетімізде өткізіліп жатқан «Тіл апталығына» орай 23.09.2016 ж. Сағат 15.00-де 405 аудиторияда «Ариана» Ауған қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмадулла Васток мырзамен және Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары Казбек Владимирович Мансуров мырзамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, көп ұлтты Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық татулық, елімізде жұмыс істеп отырған этномәдени орталықтар жұмысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен маңызымен таныстыру.  Іс-шара барысында орталықтар жетекшілері Қазақстан жерінде атқарылып отырылған жұмыстарына тоқталып, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулығының негізі тілге, дәстүрге, салтқа деген құрмет екендігін жан-жақты талдап, болашақ мамандарға тіл халықтың жаны екендігін, тілді әрдайым қолдап, оның мәңгі жасауын насихаттауды  табыстады.

Ұйымдастырушылар: т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш, т.ғ.к., доцент М.Қ. Дауытбекова, т.ғ.к., доцент М.Қ. Егизбаева.