РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! — ҚазҰУ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

25 қазан 2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен білім алушы жастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

25 қазан – еліміздің еге­мен­дік жолындағы тарихи қадамын айғақтайтын, мемле­кет­ті­лігі­міз­дің іргетасы қаланған басты мейрам. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес», – деп атап өтті. 

Президентіміз бұл мейрам­ның жаңа мазмұнда атап өті­луіне ерекше мән беріп, оның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­тарын қорғау, бірлікті сақтау және «Адал азамат» идеясы арқылы Әділетті Қазақстанды құру екенін баса айтып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен бұл күні күллі ел болып көк байрағымызды ұлық­тау мақсатында барлық өңірде Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімін өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл – хал­қы­мыздың рухын көтеріп, ел­дігімізді паш ететін айрықша сәт.

Бүгінгі таңда еліміз сали­қа­лы саясаттың арқасында сапалы жаңа кезеңге қадам басты. Бұл жолдың басты темірқазығы – қоғамдағы «Заң мен тәртіп» қағидаты және әрбір азаматтың санасында жаңғырған «Адал азамат» концепциясы. Әділетті қоғамда адал еңбек, білім мен ғылым, жоғары мәдениет пен жауап­кер­шілік әрдайым басты орын­­да тұруға міндетті.

 

Қадірлі университет қауымы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы стра­тегиялық міндеттерді жүзеге асыруда әрдайым көшбасшы болуға тиіс. Біз заманауи ғы­лымды дамытып, жасанды интеллект дәуіріне лайықты білікті кадрлар даярлау арқылы Отанымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеміз. Бұл – мемлекетіміздің сенімді тірегі болуға ұмтылған біздің ортақ парызымыз.

Алдымызда елдігімізді ны­ғайту, білім мен ғылымды биік белеске көтеру жолында атқарар ауқымды міндеттер тұр. Осы игі істерде бірлік, та­­тулық және отаншылдық сезімі әр­дайым басты тірегіміз бол­ғай!

Баршаңызға мықты ден­сау­лық, отбасыларыңызға аман­дық, еңбектеріңізге толағай та­быс тілеймін! 

Еліміздің іргесі берік, тәуел­сіздігі баянды, болашағымыз жар­қын болсын!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма 

Төрағасы – Ректор 

Жансейіт Түймебаев