«Өмірге құштар жастар» – салауатты өмір салтына қадам!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылардың психологиялық саулығын нығайту, өмірлік құндылықтарын бағалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Өмірге құштар жастар» тақырыбында психологиялық тренинг-семинар өткізілді.
Тренинг барысында жастар өмірлік мақсаттарды айқындау, күйзелісті басқару, саналы таңдау жасау, денсаулықты сақтау және қиындықтарды еңсеру мәселелері бойынша ой бөлісіп, интерактивті жаттығулар мен практикалық тапсырмалар орындады.
Іс-шара тыңдаушылардың өзін-өзі тануына, ішкі мүмкіндіктерін бағалауына, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруына және психологиялық тұрақтылығын нығайтуына бағытталды.
Өмірге құштар болу – өз өміріңді бағалау, денсаулығыңа қамқорлық жасау, алдыңа мақсат қою және әр күнді мәнді өткізу! Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың, сапалы білімнің және үйлесімді дамудың негізі.
Басқа жаңалықтар