Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы жоспарлаған іс-шаралар аясында, 16-Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 21 қазанда кафедраның жетекші оқытушысы, заң ғылымдарының докторы, доцент Калишева Н.Х. жетекшілігімен «Әділетті құқық» ғылыми қоғамдастығының белсенді мүшелерінің қатысуымен «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері Маргулан А., Жаксыбекова Ж., Канаева К., Умарова А., Иманбаев Н., Бейсимбаев Т., Хамитова М., Аблазимова Ж. заң факультетінің бакалавриат бағдарламасының бітіруші курс студенттеріне арналған «Жаңа Қазақстандағы жария билікті ұйымдастыруға құқықтың ықпалы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Аталған іс-шараның 4-Тұрақты даму мақсатына — сапалы білім беруге де сәйкес келуі ерекше мәнге ие.
Іс-шараның шақырылған спикерлері — Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Абдуллина Сабина Халилевна және осы кафедраның 3-курс докторанты Даетова Аида Асылбековна болды.
Іс-шара барысында көтерілген басым бағыттардың бірі — заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту қажеттілігі. Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Қ. Тоқаев кез келген құқық бұзушылық пен заңсыздыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанудың маңыздылығын атап өткені белгілі. Мұндай ұстаным қоғамдық өмірдің қалыпты қағидасына айналуы тиіс.
Спикерлер құқықтың басқарушылық шешімдердің мазмұнына, жария билікті ұйымдастыруға және мемлекеттің өз мінез-құлқына қалай ықпал етуі керектігі жөніндегі өзекті сұрақтарға жауап беретін негізгі тұжырымдарды ұсынды. Құқықты тек нормативтік нұсқамалардың жиынтығы ретінде ғана қарастыруға болмайды. Сонымен қатар ол жария басқарудың негізі, құралы әрі шегі ретінде де қарастырылуы қажет.
Басқарудың табиғаты уақыт өте келе өзгеріп, дамып отыратыны сөзсіз. Сондықтан басқаруды құқық арқылы жүзеге асыру мәселесі өзектілігін жоғалтпайды. Осы тұрғыда, ең алдымен, заң арқылы басқару мен құқық үстемдігіне негізделген басқарудың аражігін ажырату орынды. Бұл, біріншіден, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің болуын көздейді.
Екіншіден, құқық арқылы басқару мемлекеттік биліктің өзі құқықтық кеңістікте әрекет етуін білдіреді. Бұл ретте мемлекеттің мақсаттары, өкілеттіктері, рәсімдері, қалау еркіндігінің шектері, жауапкершілігі мен бақылау тетіктері құқықпен айқындалуы немесе, кем дегенде, құқықтық тұрғыдан белгіленуі тиіс.
Осылайша, мемлекет қоғамды құқықтың көмегімен басқарып қана қоймай, өзі де құқықпен шектелуі керек. Дәл осы қағида құқық үстемдігінің заманауи тұжырымдамасымен тығыз байланысты.
Іс-шара барысында спикерлер ұсынған барлық идеялар бір негізгі міндетке келіп тоғысады: цифрлық саланы сауатты құқықтық реттеу және Жаңа Қазақстанда үйлесімді қоғам құрудың берік құқықтық негізін қалыптастыру.
Дәріс барысында қызу пікірталас өтіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің білім алушылары ұсынылған жаңа бастамалар мен идеяларды қолдайтындықтарын білдірді.